/

Қостанай журналистерінің назарына! «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасына» тіркеу жалғасады

1790 рет қаралды
minber.kz

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры «Дата журналистика» мектебі жобасы аясында Eurasian Resources Group-тің (ERG) қолдауымен журналистерге арнап, тренингтер сериясын жоспарлап отыр.

«Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» тренингі Қостанай қаласында, 27-28 шілдеде өтеді деп жоспарланып отыр. Қатысушылар тренинг барысында өздерінің датаға негізделген жобаларын дайындайды. Жобаны жеке немесе топпен орындауға болады, әрі жоба орындауға қосымша уақыт беріледі.

Үздік деп танылған жобалар «Мінбердің» 15 жылдығы, ERG-дің 30 жылдығына орай өткізілетін «Дата журналистика және жасанды интеллект» фестиваліне жолдама алады және бағалы сыйлықтарға ие болады.
Ендеше тіркелуге асығыңыз!

Тренерлердің сабағында дата журналистика және жасанды интеллект, сторителинг жазу маңызы, ақпаратқа қол жеткізу, бизнестегі әлеуметтік корпаративтік жауапкершілік, визуализация жасау тақырыптары қамтылады.

Орын саны шектеулі. Тренингке Қостанай өңірінің журналистері (аудандық ақпарат құралдарынан, газеттерінен, сайттарынан) қатыса алады. Қостанайлық журналистер үшін тіркелу Шілденің 15-іне дейін жалғасады. Төмендегі сілтеме арқылы тіркелуге шақырамыз! Сәттілік!
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар