//

Қостанайда “Дата журналистика және жасанды интеллект” шеберханасы өтіп жатыр

664 рет қаралды

Қостанай қаласында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Дата журналистика және жасанды интеллект” шеберханасы өтіп жатыр. Шараның демеушісі  ERG корпоративтік қоры

Осыған дейін алғашқы екі шара Павлодар мен Ақтөбе қалаларында өткен еді. Павлодардағы шеберханаға 15 адам, ал Ақтөбеде 24 адам қатысты. Қостанайдағы бүгін басталған трениңге Қостанай қаласынан және Сарыкөл ауданынан 20 адам қатысып отыр.

“Дата журналистика және жасанды интеллект” шеберханасы аясында қатысушылар 27-28 шілде күндері дата жоба дайындайды. Екі күн бойы тренерлердің дата визуализация этикасы, жасанды интеллектіге кіріспе, дата стори, сторителлиң қалай жазу керек деген тақырыптарымен танысады, тәжірибеде тапсырмалар орындайды. Кейін практика жүзінде жеке не жұптасып, жинақталған дата негізінде жоба әзірлейді.

Жобалардың үздік деп танылғаны «Мінбердің» 15 жылдығы, ERG-дің 30 жылдығына орай күзде Алматы қаласында өтетін «Дата журналистика және жасанды интеллект» фестиваліне жолдама алады және бағалы сыйлықтарға ие болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар