//

Ұйғыр ауданы: Шошанай орта мектебінде неге асхана жоқ?

4238 рет қаралды

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай орта мектебі 1999 жылы салынған. 130 оқушыға арналып салынған ғимаратта әуел бастан-ақ асхана болмаған. Бүгінде әрбір мектеп оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек. Алайда Шошанай орта мектебі аталған қатарға жатпайды.

Соған қарамастан, мектеп оқушылары түскі ассыз қалмайды. Себебі, мектептің бір бөлмесі бүгінде буфет ретінде жұмыс жасайды. Ыстық тамақ емес, әрине. Дегенмен, ас басуға тұрарлық дәмді самса мен тәтті шай. Аталған буфет шағын. Ыстық шай ішуге арналған тефал мен тоңазытқыш бар. Оқушылар тегін тамақ ішеді. Ал оны қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкер бар.

“10 орынға арналған буфетті өзіміз қолдан жасадық. Әрі кетсе, 12 оқушы сыяды. Балалар тамақты тегін ішеді, ал әкелінетін тамақты ауданнан сатып әкеліп береді,”-деді мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Нұржәмила Кумбаева. Мектеп директоры қазіргі күні еңбек демалысында, ал оның міндетін шаруашылық меңгерушісі атқарып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектепте бастауыш сынып оқушылары түгелімен ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі керек. 2022 жылғы 8 тамыздағы №544 қаулысы бойынша 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыларға, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен тәрбиеленушілер ыстық тамақпен қамтамасыз етілу керек.

Шошанай орта мектебінде 125 оқушы білім алады. Оның ішінде 1-4 сынып аралығында оқитын 35 оқушы, 5-11 сынып аралығындағы 29 оқушы тамақтанады. Демек 50%-дан астамы тамақ ішеді. Ал ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі үшін асхана керек. Осы мәселеге қатысты аудандық білім бөліміне жыл сайын хат жазатынын жеткізген шаруашылық меңгерушісі нақты жауап алмағанын жеткізді.

Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманалиева Шошанай орта мектебі асханасы жоқ жалғыз мектеп емес екенін айтты.

“Асхана салу мәселесі қазіргі 2024-2025 жылға Шошанай орта мектебіне жоспарланбаған. 2025 жылға дейін асхана салу жоспарда жоқ. Себебі бізде асханадан бұрын Дардамды, Шырын, Хамраев атындағы орта мектептері апатты жағдайда тұр. Облыс әкімдігі де БАҚ өкілдеріне осы үш мектеп туралы жариялады. Бюджеттен ақша бөлінген кезде алдымен осы мектептерге бөлінеді. Тіпті Шонжыда №1 мектеп құрылыс біткеніне 4 жыл болса да, спортзал әлі жоқ. Ауданның өзінде осындай үлкен мәселе бар”,-деді білім бөлімінің басшысы.

 

Үшінші сабақтан кейін балалар тамақтанатынын, буфеттен шай мен бөлке нан алуға болатынын айтқан Мөлдір Құрманалиева бала құқығы бұзылмады деп иландырды. Кейін буфеттен тамақ ішіп отырған 9 мектепті атады. Олар:

Осы 9 мектепте 1117 оқушы бар, ал оның 509-ы буфеттік тамақпен қамтылған.

Білім бөлімінің басшысы 2025 жылға дейін асхана салу жоспарда жоқ екенін хабарлаған болатын, дегенмен білім басқармасына хат жібергенін де жеткізді.

“2026-2027 жылға асханасы жоқ мектептердің санын беріп, асхана қосымша салдыру деген бюджеттік жоспар жібергенбіз. Енді ол бюджеттен қаралынады, ақша бөлініп жатса, асханасы жоқ мектептерге асхана салу жұмыстарын жүргіземіз. Ол алдағы жоспарда бар”,-деді.

Хош, осы ретте буфетке әкелінетін тамақты кім жеткізеді деген сауал туындайтыны анық. Білім бөлімі 2023-2024 оқу жылы бойынша "Айтөре" жеке кәсіпкерлігімен келісімшартқа отырған. Ұйғыр ауданы Білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманәлиеваның айтуы бойынша, бір жылға соммасы - 1 миллион 260 мың теңге болған екен.

Мемлекеттік сатып алулар порталында "Айтөре" ЖК мен Ұйғыр ауданы Білім бөлімінің өзара жасасқан бес келісімшарты бар екен. Соның екеуі биылға тиесілі, екеуі де "әрекетте". Алғашқы келісім шарт 1 миллион 260 мың теңгеге 2024 жылы Ақпан айының 21-інде жасалса, екіншісі де дәл сол күні сол сағатта 1 миллион 44 мың теңгеге жасалған. Екеуі де әрекетте, аталған келісім шарттардың техникалық ерекшеліктеріне көз салсаңыз, орысшасында бірінші келісім шарттың - 35 оқушыны, екіншісінің 29 оқушыны "ыстық тамақпен" қамтуы қажеттігі жазылған, ал қазақшасында оқушылар саны туралы ақпарат жоқ.

Мектепте асхана мәселесінен бөлек жылу мәселесі де бар екенін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Елжан Бекмуханұлы айтқан болатын. Оның сөзінше, қыстыгүні спортзал салқын болады. Өзге де кабинеттерді қарау барысында көк түсті батарейкалар да болды.

Бұл - жылу жетпегеннен кейін өзге мектептен алынып қойылған батарейкалар екен.

Осыған қатысты білім бөлімі басшысы Мөлдір Ахметжанқызы келіспейтінін жеткізді. “Қыстыгүні мектепке барғанымда, 22-24 градус болған. Кім айтса да, бұнымен келіспеймін,”-деді.

Сонымен қоса, байқағанымыз бойынша мектепте жазғы спорт алаңы да жоқ. Бұл туралы келесі материалдан көріңіз.

Әдемі Ғазизова (мәтін),

Амина Темірханова (визуализация)

Бұл  жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен ” CAIIA жобасы – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Тасадағы өмір” жобасының мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар