Тасадағы өмір жобасы аясында кезекті сапарымыз Ұйғыр ауданы болды.
Ауданда қордаланған мәселелер баршылық, солардың бірі және бірегейі егістік су мәселесі. Аудандағы Шошанай ауылында жүзден астам түтін, 700-ден астам тұрғын тұрады. Ауылдағы шағын мектепті биылғы оқу жылында 125 оқушы бітірді.
Ауылдағы негізгі тірлік көзі мал және егін. Алайда ауыл тұрғындары басын таудан алатын Шошанай өзенінің арқырап ағып жатқанынан пайда жоқ дейді. Өйткені су далаға ағып жатыр. Ауыл дихандары осы суды бөгеп, шағын болса да қойма жасап, ауыл игілігіне жаратса деген өтініш айтып, кірмеген әкім, қақпаған есіктері қалмаған. Әкім қаралар өз кезегінде уәдені үйіп-төккен. Алайда, уәде уәде күйінде қалып отыр. Аудандық мәслихат биылғы бюджетті бекіткенде де дәл осы Шошанай ауылы тізімнен сызылып қалыпты.
Толығырақ видеоға назар аударыңыз.
Парақшамызға жазылыңыз