////

Бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек?

605 рет қаралды

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дүкен сөрелері оқуға қажетті жабдықтармен толса, базарлар балаларын киіндірумен әлек болған ата-анаға толы. Оқу жылына бір баланы дайындау қанша теңге кетеді?

“Мінбер” тілшісі  мектеп жасындағы балаларды киіндірудің қанша тұратынын білу үшін базарға барып, бағаларды бағамдап, ата-аналармен сөйлесіп қайтты.

Ең қажетті саналатын қалам мен дәптер тәрізді құралдардың дүкен сөрелеріндегі бағасын анықтадық. Small супермаркетінде 12 беттік дәптерлердің бағасы 23 теңгеден басталады, ал ең арзан қалам бағасы жеңілдікпен 29 теңге. Сондай-ақ сызғыш, өшіргіш, түрлі түсті қылқаламдар, қарындаштар, акварель бояулары тәрізді басқа да оқу құралдарын жеңілдікпен алуға болады.

Базарда мектеп формасына сұраныс артып жатқаны белгілі. Бағасы жағынан да халыққа тиімді. Мәселен, бұл жерде мектепке қажетті ақ жейделердің бағасы 4 мың 5 жүз теңгеден басталса, Шалбар бағасы 7 мың 5 жүз теңгеден басталады. Аяқ киімге келер болсақ, спортқа қажетті аяқ киімдердің бағасы 5 мыңнан басталады. Сондай-ақ, балаңызға бұл жерде 20 мың теңгелік былғарыдан жасалған аяқ киім алуға болады.

Видеоға назар аударыңыз.
 

 
Дариға Суликова
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар