///

104 мың түлек үшін 94 мың білім беру гранты: Аз ба, көп пе?

1100 рет қаралды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы грант саны 94 мыңнан астам, оның ішінде 78 мың грант – бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

Соңғы 4 жылда бөлінген гранттың 99 пайызы тұңғыш рет игеріліп отыр, ал су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген. Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген. Айта кетер жайт, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 000 адамға артық көрсеткіш”, – деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

Грант куәлігін алған соң не істеу керек? 

Бұл сұраққа ҚР ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жауап берді.

Грант куәліктерін grant.testcenter.kz сайтынан табуға болады. Талапкерлер 25 тамызға дейін, яғни 25 тамызды қоса алғанда грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін жоғарғы оқу орындарына құжаттар тапсыруы керек.

Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәлік;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
  • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
  • білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда);
  • жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).

Қандай қосымша білім беру гранттары бар?

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметтеріне сәйкес:

  • 3 000-ға дейін грант қайта бөлінеді;
  • 870 жұмыс берушілерден грант;
  • 800 Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің гранттары;
  • Ректорлық гранттар;
  • 2 475 жергілікті атқарушы органдардың гранттары;
  • 850 «Қазақстан халқына» қорының гранттары;
  • 500 Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия Республикасынан берілетін грант бөлінеді.

Сессия қорытындысы бойынша бос гранттар алу мүмкіндігі.

Барлығы 8000-нан астам қосымша гранттар қарастырылған.

Жергілікті атқару органдары 2,5 мыңға жуық грант бөлді 

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру грантына өтініштер қабылдауды бастағаны туралы хабарлады. Әкімдіктер жыл сайын басымдық берілген мамандықтар бойынша мақсатты даярлыққа гранттар бөледі. Биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлген. Елорда әкімдігі 858 грант бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант, қалған аймақтарда бөлінген грант саны 100-ден аз.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

“Қазақстан Халқына” қоры 850 грант бөлді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады.

Білім грантына:

1. Күндізгі оқу нысанында оқудың барлық кезеңіне «бакалавр» дәрежесін беру кезінде жоғары білім алу үшін жылына 1 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде тегін төлем.
2. Жазғы демалысты қоспағанда, тамақтандыру, тұру және оқу әдебиетін сатып алу шығындарын ішінара жабу үшін жылына 10 айға 40 мың теңге көлемінде ай сайынғы стипендия.

2022 жылдан бастап бағдарламаға 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ЖБО) қатысуда.
Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.

Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:
1) ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
3) мүгедектігі бар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
5) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

Үміткерлердің жасы 29 жастан аспауы керек. Білім беру гранты жеке болып табылады, аударылмайды және аккредиттелген университеттерде күндізгі бөлімде оқу үшін бір рет беріледі.

Мемлекеттік білім грантын алған тұлғалар «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыра алмайды. Грантты екінші дәрежелі немесе онлайн білім алу үшін пайдалануға болмайды.

Білім беру грантын беру өз қалауы бойынша және үлгермеуі бойынша оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің Бағдарламаға қатысушыларға тиесілігін растайтын дұрыс емес ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.

Критерийлерге сай болсаңыз және өтініш бергіңіз келсе, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына хабарласа аласыз.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 17 тамыз.

Айта кету керек 2022 жылдан бері бағдарламаның арқасында 2,6 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Қордың 2023-2024 оқу жылында оқуға және шәкіртақыға төлеген төлемдері 2,6 млрд теңгені құрады.

Бағдарлама туралы қосымша ақпарат веб-сайтта. 

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады

Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

«В091 Туризм» және «В093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары бойынша талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері «География – Шет тілі» болуы қажет.

Негізгі ҰБТ-ның жалпы балы 65-тен жоғары («Қазақстан тарихы» және бейіндік пәндер кемінде 5 балл, «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» кемінде 3 балл) болуы керек.

Атаулы грантқа құжаттар қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады.

Барлық сұрақтар бойынша @iuth_official

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 478-42-14, +7 (708) 228-67-12 хабарласа аласыз.

Freedom Grants білім беру гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды

“Freedom Bank” “Freedom Grants” білім беру жобасын іске асырып жатыр және биыл банк талапкерлерге 400 грант бөлді”, – деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

Freedom Bank грантына үміткер болу үшін Сіз:

1-13 тамыз – өтініш тапсырып және https://bankffin.kz/docs/universities_kk.pdf?v=1 1 сілтемесінде көрсетілген жоғарғы оқу орнының қабылдау комиссиясына ҰБТ сертификатын қоса ұсынасыз;

14-18 тамыз – Instagram-да Банк парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хэштегімен пост немесе рилс жариялайсыз.

Жазбада өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атауыңыз керек, неге осы мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек.

21 тамыз – Банктің @bankffin.kz ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен Freedom Grants иелерін анықтау өтеді.

Grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарына қабылдау комиссияларында іріктеудің толық шарттарымен танысуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар