//

Париж олимпиадасы: қаржыландыру 10 есеге артқан, алайда нәтиже жоқ. Неге?

3088 рет қаралды

Сонымен күні кеше 33 Жазғы олимпиада, Париж олимпиадасының жабылу салтанаты болды. Бұл олимпиадаға Қазақстаннан 80 спортшы қатысып 7 медальге қол жеткізді. Сөйтіп, жалпы есепте 43 орынға тұрақтады. 

Ал, көрші Өзбекстан 8 алтын, 2 күміс, 3 қола алып,  13 медальмен 13 орынға тұрақтады. Қазақстан мен Өзбекстанның спортқа бөлетін қаржысын салыстырғанда Қазақстан алты есеге қаржы жұмсайды екен. Дереккөздерге сүйенсек, Париж олимпиадасына Өзбекстан – 160 миллион доллар жұмсаса, Қазақстан – 660 миллион теңге жұмсаған

Экономикалық сарапшы Шолпан Айтенова өзінің фейсбук парақшасында Қазақстанда нақты стратегияның болмағаны туралы айтады. Сарапшының пікіріне құлақ түріңіз. 

Ерінбей бюджеттің спортқа жұмсаған шығындарын зерттеп, оны қазақстандық спортшылардың өткен жазғы және қысқы ойындардағы нәтижелерімен салыстырып көрдім. 1998 жылдан бері спортты қаржыландыру 10 есеге артқан. Алайда, бұл олимпиадалық спорт түрлері бойынша еліміздің көрсеткіштерін жақсартуға оң әсер етпеді.

Денсаулық сақтауда барлық шығындарды үш көзден есепке алатын ұлттық шоттар жүйесі бар: бюджеттен, сақтандыру компанияларынан және үй шаруашылықтарынан. Спортта да жағдай осыған ұқсас: үлкен инвестициялар әртүрлі көздерден келеді. Мысалы, қазақстандықтар бұқаралық және балалар спортын өз қаражаттарынан, жергілікті бюджеттер кәсіпқой футбол клубтарын, ал «Самұрық-Қазына» қорының бюджетінен кәсіби футбол клубтарын (Астана), хоккей клубтарын («Барыс», «Астана» велоклубын және «Қайрат»шағын футбол клубын қаржыландырады. Сондай-ақ Өтемұратов (теннис) және Боранбаев («Қайрат» ФК) сынды жеке инвесторлар да бар.

Бізде спортқа қомақты қаржы бөлінеді, бірақ шағын футбол мен теннис бойынша халықаралық аренада сәтті шыққан кейстер аз. Неліктен бұлай? Өйткені нақты приоритеттер жоқ. Кәсіби футбол клубтарын бюджеттен қаржыландырмай, бұқаралық спортпен айналысатын спорттық инфрақұрылымды дамыту қажет еді.

ФУТБОЛҒА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, БІРАҚ ОЛАРДЫҢ ОЙНАЙТЫН ЖЕРІ ЖОҚ 

Бұл анық нәрсе. Мәселен, осы аптада «Ордабасы» футбол клубы (Шымкент) Конференция лигасының іріктеу кезеңінде армениялық «Пюникпен» ойнады. Еліміздің үшінші мегаполисі бюджетінен жергілікті тұрғындардың ақшасына қаржыландырылған шымкенттік команда Шымкенттегі орталық стадион УЕФА талаптарына сай келмейтіндіктен өз алаңындағы ойынын Алматыда өткізді. Футболға қыруар қаржы бөлінеді, бірақ олардың ойнайтын жері жоқ болып шығады.

Жалпы, елімізде УЕФА стандарттарына сәйкес келетін екі ғана стадион бар, екеуі де Астанада (стадион қазір жөндеуге жабылған) және Алматыда. Жалпы, басқа спорт түрлерінде де жағдай осындай.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көркем гимнастикадан екі-ақ зал бар (Астана мен Шымкентте). Бұл соңғы 26 жылда нақты приоритеттің анықталмағанымен байланысты, барлығы дәл қазір жылдам нәтижені қалайды.

Балалар және бұқаралық спортты ата-аналар өз қалталарынан қаржыландырады, ал олардың қаржысы инфрақұрылымды жақсартуға жетпейді. Сондықтан біз олимпиадалық спорт түрлерінен әсерлі нәтижелерді көрмейміз, өйткені қаржыландыру ұзақ мерзімді стратегия мен нәтижеге бағытталмаған.

2020-2034 жылдар аралығында Спортты қолдау қоры (Самұрық-Қазынаның спортқа арналған қорларының операторы) олимпиадалық спорт түрлерін қолдауға 10 млрд теңге жұмсады. Бірақ мәселе мынада, бәрі елдегі бүкіл спорт бюджетінің ашықтығы жеткілікті деңгейде емес дегенге сүйенеді. Не істеу керек?

Спортты қаржыландырудың барлық ағындарын (мемлекеттік бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан қаржыландырылады) ашық етіп, барлық шығындарға аудит жүргізіп, әлсіз тұстарды анықтау керек: натурализацияға қанша жұмсаймыз, командаларды ұстауға бөлінетін шығындар және т.б.; өңірлердегі спорт инфрақұрылымы мен оның қажеттіліктеріне аудит жүргізу; кәсіби футболды жергілікті бюджеттен қаржыландыру қажеттілігін талдау.

Спорт мамандары не істеу керегін жақсы біледі, бірақ біз спортты қаржыландыру туралы толық ақпарат алмайынша, бірнәрсені жоспарлау және жоғары жетістіктерге жету қиын болмақ.

сарапшы пікірін орысшадан аударған Данагүл Науқанова

 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар