//

Журналист қоғамға қауіп төндірмейді!

2331 рет қаралды

Сәрсенбі күні Астана сотында журналист Данияр Әділбековке қатысты істі қарау жалғасады. Ол “жалған ақпарат таратып, көрінеу жалған сөз тасыды” деп айыпталып отыр. Журналиске қарсы сотта энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, Астана әуежайының инвесторы Юсуф Рашед пен журналист Гүлжан Ерғалиева куәлік еткен.

Арызданушы тараптың Әділбековтің жазбаларынан қалай зардап шеккенін түсіну өте қиын. Олардың айтып отырған жоғалған аудиториясы мен беделіне келген ықтимал зиянға қатысты нақты дәлел аз. Сонымен қатар сот айыпталушыға негізсіз қатаңдық танытты: журналистің қоғамға ешқандай қауіп төндірмесі анық, десе де ол бес ай бойы қамауда отыр. Даниярдың кішкентай баласы мен жүкті әйелі бар, бірақ бұл да оған жанашырлық танытуға себеп болмай тұр.

Біз журналисті ұзақ уақыт қамауда ұстау шектен шыққандық және адамгершілікке жатпайды деп есептейміз. Ол кісі өлтіруші емес, зорлықшы емес, сәйкесінше мұндай қарым-қатынасқа да лайық емес. Соттың бұл әрекеті журналистер қауымдастығында қорқыныш пен шарасыздық тудырады.

Біз әріптес – журналистерді, қоғам белсенділерін, блогерлерді Даниярды қолдауға және соттың қалай өтіп жатқаны туралы жазуға шақырамыз! Бұл не үшін қажет? Даниярдың орнында кез келген журналист болуы мүмкін, біз үшін соттың бейтарап және объективті өтуі маңызды!

Сотқа сіз де онлайн (толық ақпаратты адвокат Маутқанов Әділжаннан білуге болады: +7 776 252 0677) немесе офлайн режимде қатыса аласыз: Кенесары 3, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.

Сот отырыстарының кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі 10:00-ден 13:00-ге дейін. Дүйсенбі, сәрсенбі: 15:00-ден 18:00-ге дейін. Сотқа Астана әуежайы президенті дүйсенбі күні, ҚР Энергетика вице-министрі Ақкенженов сәрсенбі күні қатысады деп жоспарланған.

Құқықтық медиа орталығы,

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар