Кеше, 3 қыркүйек күні, Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданы прокуратурасымен бірлескен жұмысы нәтижесінде аудан әкімі Бағдат Қарасаевты ұстады. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады
Прокуратура Қарасаевқа кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деп айып тағылды деді. Хабарламада қоқыс полигоны қызметіне байланысты қандай заңсыздық болғаны ашып айтылмаған.
Бүгін, 4 қыркүйекте прокуратура қылмыстық істің материалдарын қарау және бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберді.
Қарасаевтың өкілдері осыған қатысты жария түрде пікір білдірмеді. Сотта қылмысы дәлелденген жағдайда Қарасаевтың мүлкі тәркіленіп, өзі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Айта кететін жайт, 60 жастағы Бағдат Қарасаев 2018 жылдан бері Іле ауданының әкімі қызметін атқарған.
Парақшамызға жазылыңыз