///

Көшпенділер ойыны: Бізге аты беймәлім ұлттық спорт түрлері

1197 рет қаралды

Фотоколлаж: Ақмоншақ Мақсотқызы

Ашыртмалы аба гюреши – Түркияның ұлттық белбеу күресі. Команда құрамы 5 спортшыдан тұрады, 60,60,80,90 және +90 салмақ дәрежесінде бір-бір палуаннан қатысады. Жарыс тегіс шөпті алаңда, тек ерлер арасында өтеді

Көрәш – татар халқының ұлттық белбеу күресі. Мұндағы палуанның мақсаты – рұқсат етілген әдістер арқылы қарсыластың жауырынын жерге тигізу.

Овари – батысафрикалықтардың зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Тақтада екі жаққа алтаудан бөлінетін 12 отау, екі қазан және 48 тас болады. Ойыншылардың мақсаты – өз қоймасын шарға толтыру. Жеңіске жету үшін 25 тас жинау керек. Жарыс жеке және командалық есеппен жүргізіледі, тур саны – 7. Команда құрамы – 2 ер, 2 әйел адам.

Ордо – қырғыздардың ұлттық асық ойыны. 8 спортшы қатысады, тек ерлер арасында, диаметрі 12 метр болатын тегіс шеңберде ойналады. Шеңбердің ортасына хан ордасы (тиын) орналасады. 68 асық қойылады. Команда ойыншылары алты метрлік қашықтықтан ортадағы асықтарды сақа асықпен соғып немесе шертіп шеңбердің сыртына шығаруы керек. Ортада бес асық қалғанда, ортадағы тиын шертіледі. Тиын жалпақ, кішкентай, сондықтан оны шертіп шығаруға шеберлік керек. Кім тиынды шертіп шығарады, ортадағы бес асықтың үшеуін алады. Сәйкесінше, қарсыластан басым болады.

Алыш – қырғыздардың ұлттық белбеу күресі. Мақсаты – қарсыластың белбеуін жібермей, жауырынын жерге тигізу. Команда 6 ер, 6 әйел адамнан тұрады. Жарыс ерлер арасында классикалық стилде, әйелдер арасында еркін өтеді

Мангала – түрік халқының зияткерлік ойыны. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, сонымен қатар, ойыншылардың тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалары болады. “Мангала» 48 таспен ойналады.
Ойыншылар барлық 48 тасты, төрт-төрттен 12 шұңқыршаның әрқайсысына таратып, жинақтау шұңқыршаларын бос калдырады. Ойыншылар өз қоймасында мүмкіндігінше көп тас жинауға тырысады. Кім көп тас жинаса, сол жеңіске жетеді. Команда екі ер, екі әйел адамнан тұрады.  Тур саны – 7, әр ойыншыға 20 минут уақыт беріледі.

Powerful Nomad / күштілердің сайысы – ерлер арасында өткізіледі. Әр елден салмағы 90 келіден жоғары 1 спортшы жіберіледі. Жарыстың 5 туры болады:
1. 100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжыту;
2. 100 келілік қаппен отырып-тұру;
3. 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру;
4. 130 келілік бөренені иығына салып,
отырып-тұру;
5. салмағы 200 келілік арбаны 10 метрге сүйреу.

Материалды дайындаған

Ақмоншақ Мақсотқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар