Жаз маусымы аяқталар тұста ерекше балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығында қауырт қарбалас. Өйткені мұнда екі маңызды іс-шара өтті.
Орталықта арнайы оқу бағдарламасы бойынша білім алған 14 бала 1 қыркүйектен бастап кәдімгі балалармен қатар мектепте онлайн оқиды.
«Мейірім» директоры, Елена Анатольевна Кузьмина және мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар үшін бұл теңдессіз жетістік пен зор бақыт. Осындай тамаша оқиғаның құрметіне оңалту орталығында балаларға демеушілер мен серіктестер ұсынған мектепке арналған керек-жарақтар және сөмкелер табысталды.
Сонымен қатар мекеменің амфитеатрында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, дастархан жайылып, дәмді шай ішу рәсімі өткенін айта кетуіміз керек. Эстрада жұлдызы, аспапты шебер меңгерген Ақтоты Болышованың керемет қойылымы балалар, тәрбиешілер және ата-аналардың көңіл-күйін көтерді.
Айтпақшы, 29 тамызда «Мейірім» оңалту орталығында алғашқы қадамдарын жасаған тірек қимыл жүйесінде ақауы бар балаларға арналған «тұсау кесер» шарасы ұйымдастырылған еді. Сондай-ақ мереке аясында тамыз айында дүниеге келгендерді туған күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстау рәсімі өтті. Керемет концерт, жұлдызды құттықтаулар мен түрлі тәттілерден шашу шашылды. Қорыта келгенде, орталық балаларды дамытуға зор үлес қосып, олардың үлкен жеңістер мен жетістіктерге адымдап бойлауына бүкіл жағдайын жасап отыр.
Парақшамызға жазылыңыз