//

Журналистің Үкімет Үйіне енуіне тыйым салынды

1760 рет қаралды

Press.kz басылымының журналисі Жания Ұранқаеваға ҚР Үкіметі аппаратының өткізу және ішкі объекті Ережесін бұзғаны үшін  2024  жылдың Желтоқсан айының соңына дейін Үкімет Үйіне енуіне тыйым салынды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз-хатшысы Мақсат Төлегенов мәлім еткен. 6 Қыркүйекте Үкіметтің аппаратында өткізу және ішкі объекті Ережесінің 68, 70 және 94 баптарын бұзғаны үшін Press.kz сайтының тілшісі Жания Ұранқаева “Үкімет Үйі” ғимаратына енуге шектеу қойылды.

Жания Ұранқаева “Әділ Сөз” тілшісіне берген мәліметінде екі апта бұрын баспасөз орталығын екінші қабатқа көшіргенде журналистердің Үкімет Үйінің басқа қабаттарына шығуына тыйым салғандығы айтылады. Журналистер бұл Ережемен таныстыруды өтінгенде ол Ереже “Қызмет бабы үшін” грифімен мөрленген ішкі объекті ережелерінде жазылғанын айтып, журналистерге онымен танысуына да болмайтынын айтқан.

Ұранқаева баспасөз қызметінің бұл шешімімен келіспейтіндігін айтып, қарсы шағым беруді ұйғарып отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар