///

“31 арна” мен informburo.kz енді Булат Утемуратовтың “Верный капитал” компаниясына тиесілі емес

621 рет қаралды

2024 жылғы 25 қыркүйекте “31 арна” және informburo.kz сайтына иелік еткен медиахолдингтің жаңа иесі белгілі болды. Бұрын бұл телекомпания белгілі кәсіпкер Булат Утемуратовқа тиесілі еді. 

Медиахолдингтің жаңа иесі – “Әділдік және өркендеу” қоғамдық қоры. Қор директоры – журналист Дана Рысмұхамедова, ал негізін қалаушылар – “31 арнаның” бұрынғы бас директоры Нұржан Мұхамеджанова мен баспасөз хатшысы Гүлжан Марқабаева. 

Қордың ресми сайтында жазылғандай, ұйым елдің барлық аймақтарындағы белсенділерден құралған. “Біздің қатарымызда өнеркәсіп жұмысшылары, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, журналистер және түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Біз бар күшімізді, тәжірибемізді және мүмкіндіктерімізді әділ Қазақстанды құруға жұмсағымыз келеді”, – делінген қор мәлімдемесінде.



Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар