/////

“Мінбер” дата журналистика және жасанды интеллект фестиваліне шақырады

416 рет қаралды

Құрметті журналистер қауымы, медиа белсенділер, медианың қыры мен сырына бойлап жүрген медиа аналитиктер, сіздердің назарларыңызға “Minber” қоры бір күндік “Дата журналистика және жасанды интеллект” медиа фестиваліне шақырады!

Бұл шарада дата журналистиканың майталмандары шеберлік сыныптарын өткізеді. Жасанды интелектіні журналистикада қалай қолдануға болатынын үйретеді. Жасанды интеллект және медиаэтика туралы ой бөліседі. Сонымен қоса, шара барысында датаға негізделген материалдарды әзірлей отырып, мақала жазуда жасанды интеллектінің көмегіне жүгіну дағдысын қалыптастыруға машықтанасыздар.

Шара 19 қазанда “Рамада” қонақ үйінде таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін өтеді. Келіңіздер! Қапы қалмаңыздар!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар