//

Орталық Сайлау комиссиясы: Дауыс берушілердің 70% АЭС салуды жақтаған

414 рет қаралды
1
фото: Орталық сайлау комиссиясы

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады.

5 561 937 адам (71,12%) АЭС құрылысын қолдады. 2 045 271 қазақстандық (бүлінген бюллетендерді есептегенде 26%) қарсы дауыс берді.

Түн ортасынан кейін алғашқы экзитпол нәтижелері белгілі болды. “Астана” Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының учаскелерден шыққан сайлаушылар арасында жүргізген сауалнамасына сәйкес, атом электр станциясын салуды 69,8% азаматтар қолдаған, ал 30,2% қарсы шыққан.

AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген сауалнамасы бойынша, 72,3% азаматтар АЭС құрылысына қолдау көрсетсе, 27,7% қарсы дауыс берген.

Еуразиялық интеграция институты да өз нәтижелерін ұсынды: олардың мәліметінше, 71,8% қазақстандықтар атом станциясын қолдаса, 28,2% қарсы болған

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар