Фото: www.ufc.com
Шафхат Рахмонов UFS-дің чемпиондық белдігі үшін октагонге шығады. Ол туралы UFS президенті Дана Уайт мәлімдемесін UFS өзінің ресми сайтында жариялады.
Шілдеде Леон Эдвардсты жеңген Белал Мухамад өз атағын біздің Шафхатқа қарсы жекпе-жекте қорғайды. Екі мықтының текетіресі желтоқсанның 8-і Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді. Біздің файтер аталған аренада соңғы екі жекпе-жегін өткізді. Екеуінде де әдеттегідей жеңіске жетті. Ал Белал UFS-де 19 кездесу өткізді. 15 мәрте жеңіске жетсе, үш рет жеңілді. Ал Шафхаттың ММА-дегі рекорды 18-0 барлық кездесуін уақытынан бұрын аяқтады.
Айта кетейік, Белал шілдеде чемпиондық белдікті жеңіп алған күні қазақ жанкүйерлері оның әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасауды бастады. Тіпті Дана Уайтты белгілеп, екі мықтыны шығаруды талап етті. Бірнеше айдан соң UFS көп қазақтың сұрауын қанағаттандырды. Ендеше желтоқсанның 8-і қазақ елі ерте оянады. Десе де біздің арналар бұл жекпе-жекті көрсетуі екіталай. Өйткені былтыр министр мемлекеттік арналарда ережесіз жекпе-жек көрсетуге тыйым салған еді.
Түгелбай Бисен,
БҚО, Орал қаласы
Парақшамызға жазылыңыз