30 қыркүйек күні «Уральская неделя» сайтында және әлеуметтік желілерде атом электр станциясының құрылысы туралы сұраққа жауап берген алты адамның шағын сұхбаты жарияланды.
4 қазанда сот газет шығарушысы «Журналистская инициатива» ЖШС-ін сайлауға қатысты қоғамдық пікірді сұрау ережелерін бұзды деп тауып, кінәлі деп жариялады. Басылымға 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім әкімшілік құқықбұзушылық туралы актілер «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямоваға және «Журналистская инициатива» ЖШС-не қатысты толтырылды. Алайда бас редактор жеке жауапкершіліктен босатылды. Бірақ соттың шешімі бойынша бас редактор кінәсіз деп танылып, айыппұл төлеуден босатылды
Осы оқиғадан кейін «Adil Soz» сөз бостандығын қорғау қоры Бас прокуратура мен Жоғарғы сотты газеттің айыппұл туралы қаулысын жоюға шақырды.
«Әділ сөз» қоры әрбір Қазақстан Республикасы азаматының референдумға шығарылған мәселеге қатысты өз пікірін бұқаралық ақпарат құралдарында білдіруге құқығы бар екенін атап өтті. БАҚ-та бір немесе бірнеше адамның білдірген пікірі социологиялық сауалнама болып саналмайды және Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағының 1 және 2-бөліктерінің талаптарына сәйкес келмейді» – делінген ресми мәлімдемеде.
Елназ Жайлау.
Парақшамызға жазылыңыз