Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген 150 (жүз елу) кітаптың таныстырырым-тұсау кесері өтті. Бұл бұрын-соңғыда баспалар тарихында болмаған үлкен оқиға. Мұншама кітапқа қаржы-қаражат тауып басып шығару екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Қазақ руханиятына қосылған үзлкен олжа. Игілікті шара Ақсақалдың Ақ батасымен ашылып, «Абай» баспасының іс-қарекеті туралы шағын таныстыру бейне ролик көрсетілді.
Баспа директоры, ақын Ақберен Елгезек кіріспе сөз алып, баспаның басты мақсаты қазақ руханиятына барынша үлес қосу, ақын-жазушылардың өзінің Тәңірінен берілген кәсібімен ғана айналысуына мүмкіндіктер туғызуға ықпал ету үшін «пайда ойлама, ар ойла» ұстанымын негіз етіп алғанын жиналған көпке паш етті. Баспа қызметкері Дархан ұжымның кітаптың оқылымын, таралымын және тағы басқа қажеттіліктерді қор жетімді болдыру мақсатында жасалған жаңа жобасы «Bookstagram» бейнематериалмен кеңінен таныстырып шықты.
Халық ақындары Мұхтар Шаханов, Смағұл Елубай, еліміздегі көшбасшы «Атамұра» баспасының директоры Рақымғали Құл-Мұхаммед құттықтау сөз сөйлеп «Абай» баспасына ақ жол тіледі.
Minber.kz ақпарат агенттік «Абай» баспасының заманауи үлгілі ісін шын жүректен құттықтаймыз.
Minber.kz ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз