2024 жылы “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұжым болып Internews Kazakhstan қорының қолдауымен “Тасадағы өмір” жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында Алматы облысының 7 ауданында болып, шалғай ауылдарды аралап, ол жердегі тұрғындармен кездесіп, жергілікті билік өкілдерінің есігін қағып, өзекті мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, ERG компаниясының қолдауымен Мінбер қорының 15 жылдығына орай еліміздің үш өңірі Павлодар, Ақтөбе және Қостанайда “Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы” трениңдер легін өткізді. Трениң аяқталған соң қатысушылар арасында дата жобаға байқау жарияланды. Қордың 15 жылдығына орай қазан айында Алматы қаласында жоба тренерлерін, қатысушыларын және Мінбер қорымен жылдар бойы серіктестікте жұмыс жасап келе жатқан Мінбердің достары мен әріптестерінің басын біріктірген “Дата журналистика және жасанды интеллект” дата фестивалі өтті.
Келер 2025 жылы да “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы өзінің басты бағыттары бойынша өз жұмысын жалғастыра береді.
Парақшамызға жазылыңыз