///

80 шыршаға 800 миллион теңге? Алматылықтар жаңа жылды қалай тойлайды?

114 рет қаралды
фото: Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан

Желтоқсанның 20-сында Алматы қаласында жаңа жылдық шыршаларды жағу шеруі болды. Власть сайтының жазуы бойынша, Алматы қаласы жаңа жыл тойлаудан Қазақстан өңірлерінің ішінде ең ірі бюджет шығындапты.

Алматы қаласы 2025 жылды қарсы алу үшін 80 шырша тігіп, салтанатпен дайындалған екен. Ендеше Алматы қалалық Мәдениет басқармасы бұл істі кімге сеніп тапсырғандығын сарапқа салып көрейік.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы соңғы жаңалықтар бойынша Алматы қалалық Мәдениет басқармасы “Антураж KZ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 234 миллион теңгеге (қосымша құн салығын есептемегенде) келісім жасаған.  Келісім шарт 18 желтоқсанда жасалып, 20 желтоқсанда соңғы өзгеріс енгізілген. Жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес бұл компания Панфилов көшесі, ALMATY ARENA, Наталья Сац атындағы ЖКТ және Тұңғыш Президент Саябағына шыршалар орнатып, безендіру жұмыстары кіреді екен.

Келесі қызметті “Team Building” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетеді. Ол Абай алаңына шырша орнатып, безендіруді мойнына алған. Бұл компанияның қызметі 197 миллион теңгеге (қосымша құн салығын есептемегенде)  бағаланған.

“Albero Bello” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 142 миллион теңгеге HALYK ARENA, Нұрлы Тау, Наурызбай ауданының әкімдігінің шыршаларын безендіруге келісім шарт жасаған.

Бұл келісім шарттардың барлығы бір сатып алушымен жасалған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар