////

Антарктиданы қазақ қызы бағындырды

509 рет қаралды

Биыл қарашаның 12-і күні дүниежүзінің мықты деген 13 жүзуші (ерлер және әйелдер) Антарктиданың мұздай суын жүзіп өтті. Осындай батыл да мықты жүзгіштер арасында оралдық Әнел Сытдықова да болды.
-1,4 градус суда 750 метр қашықтыққа жүзген Әнел 18.58.95 минут уақыт көрсетті.
Әнел Сытдықова – триатлоннан «Қазақстанның Тұңғыш Темір Ханшайымы», Қазақстаннан шыққан Тұңғыш Айронмен(Ironman), Тұңғыш Ультрамен(Ultraman).

2019 жылы Ла-Манш бұғазын 38 шақырым қашықтықты тоқтаусыз 15 сағат 15 минутта, 2022 жылы Манхеттендегі 20 көпірді айналып жүзіп 48 шақырым қашықтықты бағындырды, және сол жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) Санта-Католина аралынан материкке дейінгі 34 шақырымдық марафондық қашықтықтардың бірі Католина бұғазын (Catalina Channel Swimming) тоқтамастан 18 сағат 19 минутта жүзіп өттті.

Әлемдегі ең ұзақ осы 3 марафондық қашықтықтарды бағындырған спортшыларға “ҮШ ТӘЖДІҢ ХАНШАЙЫМЫ” (КОРОЛЕВА ТРЕХ КОРОН) атағы беріледі. Әнел “ҮШТІК ТӘЖ” (Triple Crown) клубының мүшелігіне қабылданған.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар