Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.
Жаңа форматта өтетін мундиал жолдамасын ел құрамасы Лихтенштейн, Солтүстік Македония, Уэльс және Бельгия құрамаларымен сарапқа салады.
“J” тобына түскен қазақ елі құрамасы тобының фавориті Бельгия. Біздің жігіттер Бельгиямен 6 рет күш сынасты. Төрт рет жеңіліп, екі мәрте тең түсті. Уэльс пен біздің құрама жолдары осы кезге дейін түйіспеді. Ал Солтүстік Македониямен болған бір матчта жеңілдік. Лихтенштейн футболшыларымен жастар және әйелдер құрамасы ойнағанымен басты құрамалар жасыл алаңда кездесе қоймады.
“J” тобының басты фавориті Бельгия екенін айттық. Екінші орынға Уэльс пен Солтүстік Македония таласады. Біздер оларды өз алаңымызда жеңсек, қарымта матчта жігіттер
бабында болса ғана соңына дейін таласуға болады. Бірақ ұлттар лигасындағы көрсеткішіміз құрамаға үміт артуға мүмкіндік бергенімен, сенім білдіруге болмайтынын көрсетті.
Енді назарларыңызға жігіттердің іріктеу турниріндегі кестесін ұсынамыз.
23.03.2025 | 00:45
Уэльс – Қазақстан
26.03.2025 | 00:45
Лихтенштейн – Қазақстан
09.06.2025 | 19:00
Қазақстан – Солтүстік Македония
04.09.2025 | 19:00
Қазақстан – Уэльс
07.09.2025 | 23:45
Бельгия – Қазақстан
10.10.2025 | 19:00
Қазақстан – Лихтенштейн
13.10.2025 | 23:45
Солтүстік Македония – Қазақстан
15.11.2025 | 19:00
Қазақстан – Бельгия
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз