///

Маңғыстау облысы әкімі Halyk басшысына алғыс білдірді

233 рет қаралды

Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Halyk банкті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованы алғыс хатпен марапаттады.

Маңғыстау облысы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Бүгінде Halyk банк ШОБ секторының 50%-дан астамына несие беріп отыр. Осылайша, банк облыстағы кәсіпкерліктідамытуға қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, Halyk өңірдегі өткір әлеуметтік мәселелерді шешугебелсенді қатысады.

Мысалы, 2023 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен “Халық” қайырымдылық қорыарасында 4,4 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын.Қаражат Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта жандандыруды қаржыландыру, Жаңаөзенқаласында тұщыландыру қондырғысының құрылысына демеушілік жасау және Түпқарағанауданы Ақшұқыр ауылында суды тұщыландыру зауытының құрылысы сияқты әлеуметтік маңызыбар жобаларды іске асыруға арналған. Сондай-ақ, қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінсалу жоспарланып отыр. Жаңаөзен және Маңғыстау облысындағы бірқатар балалар спорт-ойыналаңдары және Бейнеу ауылындағы 3 мектепті жаңарту жоспарда бар.

Айта кетейік, аймақтағы ауқымды су тасқыны кезінде Halyk апаттардың зардаптарын жоюғаалғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге тұрғын үйді қалпына келтіруге және сатып алуға ақшалай қаражат жұмсап қана қоймай, оларға рекордтық мерзімде атаулы төлемдерді қамтамасызеткен болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

2024 жылдың айшықты оқиғалары

2024 жылы Қазақстанда көптеген маңызды оқиғалар болды. Осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен АЭС құрылысы талқыланып, су