///

Президентке импичмент: Оңтүстік Кореядағы қазіргі ахуал

305 рет қаралды
Фото: en.yna.co.kr

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ель елде “әскери жағдай енгізіп, осылайша бүлік ұйымдастырмақ болды” деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде ұлттық тергеу басқармасының директоры У Чжон Су депутаттарға мәлімдеді деп жазды “Франс Пресс” агенттігі. Бұл турады Азаттық Радиосы хабарлады.

Тергеу Юн мен сейсенбі күнгі оқиғаларға қатысы бар өзге де жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты оппозиция шағым түсіргеннен кейін басталған. Президенттің қолсұқпаушылығы туралы норманың бүлікке қатысы жоқ. Мұндай қылмысқа өлім жазасы да қарастырылған.

Оппозиция партиялары президентке импичмент жариялау процедурасын әзірлеп жатыр. Ол бойынша дауыс беру 6 желтоқсанда өтеді. Заң жобасы қабылдануы үшін депуттардың үштен екісі (200 депутат) қолдап дауыс беруі керек. Парламентте оппозицияның 192 мандаты бар.

Оппозиция сонымен бірге президенттен бөлек, бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен, әскер штабының жетекшісі Пак Ан Су сонымен бірге ішкі істер министрі Ли Сан Минге де бүлік бойынша айып тағуды талап еткен.

4 желтоқсанда кешке қорғаныс министрі Ким Ен Хен отставкаға кетті. Ол журналистерге президент Юн Сок Ельге әскери жағдай жариялау туралы жеке өзі кеңес бергенін айтқан. Ким азаматтарды алаңдатқаны үшін кешірім сұрап, “әскери жағдайға қатысты барлық жағдайға” жауапкершілікті мойнына алатынын айтқан.

БІР ТҮНДЕ НЕ БОЛДЫ?

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл әскери режим тәртібін енгізіп, алты сағаттан соң алып тастады. Әскери режимді жариялау туралы жарлық 3 желтоқсанда сағат 22:25-те жарияланды. Аталған жарлық наразылық пен ереуілдерге тыйым салып, БАҚ үшін әскери цензура енгізді. “Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін” материалдарды жариялауға тыйым салынды. Кез келген саяси қызметке, оның ішінде парламент пен саяси партиялардың жұмысына тыйым салынған еді.

Сеулде үкімет ғимараттарының маңында әскери техникалар мен тікұшақтар байқалған. Әскерилер парламент ғимаратына басып кіргені белгілі болды. Наразылыққа шыққан халық пен қарулы күштері арасында қақтығыс болған. Олар парламенттің кіреберісін жабуға тырысқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскери жағдайға қарсылар президентті конституцияны бұзды және билікті тартып алмақ болды деп айыптайды. Өз кезегінде Юн Сок Ёлдың жақтастары елді тұрақсыздандыруға тырысқан “мемлекетке қарсы күштерден” қорғау қажеттігін мәлімдейді.

Артынша Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы (парламент) әскери жағдайды алып тастауға дауыс берді. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл шараның күшін жоюға 190 депутат дауыс берген. Конституцияға сәйкес, егер парламенттегі көпшілік талап етсе, соғыс жағдайы алынып тасталуы керек.

Белгілі болғандай әскерилер Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясының ғимаратынан шығып кеткен.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар