///

Ұлы дала сазы: Үркер ауып барады

138 рет қаралды

Бүгін (17.12.2024 ж) Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Отандастар қоры» КеАҚ-ның  бірлескен «Ұлы дала» кітаптар сериясы жобасы бойынша шет елдердегі қазақ жазушыларының байқаудан өткен үздік туындыларының биылғы жылғы шығарылымының тұсау кесері Қазақстан Жазушылар Одағында өтті. Жиынды Одақ төрағасының орынбасары Ғалым Қалибек ашып, «Отандастар қоры» КеАҚ хатшысы бүгінгі іс-шараның мәнін таныстырды.

Оның айтуынша өтінімдер 2024 жылғы 1 маусымға дейін қабылданған. Байқауға 22 еңбек келіп түскен. Белгілі ақын-жазушылардан, ғалымдардан және қоғам қайраткерлерінен құралған сараптамалық алқа қолжазбаларды мұқият қарап, аталған жұмыстардың ішінен 9 шығарманы кітап етіп басып шығару туралы шешім қабылдаған екен, олар:

  • 1. «Қобданың қоңыр желі» (өлеңдер, балладалар, толғаныстар) – Рысбек Зұрғанбайұлы (Моңғолия);
  • 2. «Үркер ауып барады» (өлеңдер) – Зүлкәпіл Мәулітұлы (Моңғолия);
  • 3. «Тәжікстандағы қазақтар» (тарихи танымдық еңбек) – Абдусаттар Нуралиев (Тәжікстан);
  • 4. «Ақиқаттың дәмі ащы» (өлеңдер) – Жарасқан Мырзамұратұлы (Өзбекстан);
  • 5. «Кімді кінәларсың…» (повестер мен әңгімелер) – Ербақыт Нүсіпұлы (Моңғолия);
  • 6. «Ұрпағың үзілмесін» (әңгімелер) – Мұхтасыров Пионер Солтанович (Ресей);
  • 7. «Қарасу жырлары» (өлеңдер) – Лала Жүнісқызы Жұманова (Өзбекстан);
  • 8. «Өрікті көл» (повесть, әңгімелер) – Елеусіз Мұқамәдиұлы (Моңғолия);
  • 9. «Айтағалы салт атты» (шығармалар) – Баман Құрманханұлы (Моңғолия).

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар