///

2025 жыл: Қазақстан құрамасы қатысатын негізгі спорт жарыстары

67 рет қаралды
Фото: olympic.kz

Жыл жаңа басталмай жатып, ел спортшылары жарыстарды бастап кетті. Күні кеше Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден 100-ден астам спортшы өнер көрсетті. Жарыс қатысушылары 196 медаль жиынтығын сарапқа салды. Ел құрамасы сапынан болашағынан үміт күттіретін жас дарынды спортшылар қатысып, тым тәуір өнер көрсетті.  

Ақпанда жасөспірім шаңғышылар Италияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын боады.

Биылғы жылдың ең басты спорттық додасы ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындары. Сары құрлық додасында 139 қазақстандық спортшы биатлон, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және басқа да спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Жарысқа 32 елден 1000-нан астам атлет қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар  отандық спортшылар БАӘ-де өтетін II «Болашақтың ойындарына» қатысады. Бұған дейін Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт пен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – «Phygital Games of the Future» жарысын өткізу құқығына ие болған еді. Спорттық іс-шараны өткізу құқығы үшін Қазақстан, Перу және Чили мемлекеттері бақ сынаған болатын.

Одан бөлек жерлестеріміз Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) VI Ислам ынтымақтастық ойындары, Бакудегі (Әзербайжан) III ТМД ойындары және Чэндудегі (Қытай) XII Дүниежүзілік ойындарына қатысады. Жалпы 2025 жылы отандық спортшылар 100-ден астам халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық турнирлер мен жарыстарда бақ сынайды деп жоспарланған.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, биыл елімізде халықаралық деңгейдегі бірнеше жарыс өтеді. Ал отандық спортшылар әдеттегідей әлемнің әр қиырында ұйымдастырылатын дүбірлі додаларда бақ сынайды.

Ержежесіз жекпе-жек жанкүйерлері де Асу Алмабаев, Дияр Нұрғожай және Шафхат Рахмонов секілді жауынгерлердің октагондағы өнерін көреді. Футбол жанкүйерлері ел құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарына куә болады. Бір сөзбен айтқанда спортта да ел күтіп жүрген елеулі оқиғалар көп болады.

Айта кетейік, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін алып келді. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Қазақстандық спортшы финалда 79.79 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді. Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды. Сондай-ақ германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальді қанағат тұтты. Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.

Түгелбай Бисен,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Тұрсын ЖҰРТБАЙ: «Мен» өлмейді!

Иә, ол сайын Сарыарқаның бауыздар алқымындағы саржағал жонның қолтығын ықтаған «қияндағы қыстауда» туып, күннің өзі аударылып