Фото: www.istockphoto.com
“Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры хабарлады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеуге негізі ретінде ең төменгі жалақы алынады. 2025 жылы оның мөлшері 85 000 теңге көлемінде сол күйінде қалады. Осыға байланысты, жарналар мөлшері де өзгермейді. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.
Тек біржолғы төлем мөлшері ғана өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы биылғы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында орташа айлық жалақы 364 295 теңгені құрады.
Осылайша, 2025 жылғы МӘМС төлемдерінің мөлшері мынадай:
- Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
- Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
- Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
- Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
- Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
- Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
- Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.
Ал МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай тексеруге болады?
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz;
- Telegram-бот;
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
- egov.kz электронды үкімет сайтының «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.