Көшеде жүрген пақырың мен, Мұхтар Мағауин қайтыс болғаннан бері ұйқыдан да, күлкіден де айырылдым, осымен екінші сөзімді арнап отырмын. «Қазақ болмаса, Мағауин ешкімге керек емес екенін ол нақты әрі жақсы білді» (Ақберен Е). Оны кешегі Американың Ленхем қаласында өткен жаназасынан анық байқадық. Ішің ашиды екен…. Мұқаң марқұм әлі әлемдік деңгейге көтеріле қоймаған екен. Мұқаңды қазақ қана қадыр тұтып, хан көтеріпті. Мүмкін күндердің бір күнінде Америка халқы да біле жатар. Сонда басына бір шоқ гүл қояр, егер оған дейін орны қалса?! Осы орайда менің есіме бір отаншыл жас ақынның айтқаны түсіп отыр. Ол «Менің аспанымда қартайған құс, өзгенің жеріне бір тал қауырсынын да қалдырмайды, менің көгімде өскен бүркіт, бұлыңғыр жерге сүйегін де тастамайды» деп еді. Мұхтар Мағауин елден жан сауғалап кетсет бір сәрі…

Мағауиннің жат жерде қалуын жұрт оның ордалы, қордалы еңбектерімен ақтап алып жатыр. Жөн. Алайда Ол «мен мақсатыма жеттім» деп нақты айтты ғой. Тәңірінен болсын, Алласынан болсын, Құдайынан болсын Мойнына жүктелген міндетті бітіргеннен кейін Туған жеріне қайту керек еді ғой. Міне, бізге күмән тудыратын жері осы?! Ал осы сұраққа жауап бергісі келгендердің «ол елінен, халқынан, жерінен жеріді» деп тілдеп жатыр. Өте аянышты. Осындай ащы, харам сөзге қалуы жөн бе еді?

Жалпы Мұхтар Мағауиннің жат жерде, сөз бен көзден аулақта, тыныштықта ұлтқа аса қажетті қыруар шаруа, дүние жасағанына дау жоқ, оған ешкім таласа алмайды.

Қайталап айтқанда, өз қалауымен жат жерде сүйегін қалдырғаны не десекте ойландыра береді әрі қимайсың, амал бар ма? Үлгі болмас! Едіге Елге келмей ме? Қатты айтқанда құдай бетін ары қылсын дейтін, сүйекке таңба болды. Қазақ аманда, біз ұялмасақ та ұрпақ ұялатын іс атқарылды.

Біз Мұхтар Мағауиннің елден кетуінен ұлттық трагедия жасап отырғамыз жоқ, оның сүйегінің Елге, туған жеріне оралмауына өкінеміз! Бұл біздің марқұм Мұқаңның өзі айтқандай Ұлттық санамызға үлкен сын болды! Егер біздің Ұлттық санмыз жетілген болса ол кісіні  Америкада қалайда қалдырмас едік! Ол біздің ұлттық санамызды тағы бір сынап көрген екен.

Қазақтың Тұлғасына айналған адамның мәңгілік тағдырын отбасы, ошақ қасы емес Туған Елі, Мемлекеті шешуге тиіс қой?! Әлде Мұхтар Мағауин Қазақстан Республикасының Азаматы емес пе еді? Қазақ Елінің байтақ даласының бір пұшпағына жете алмай қаншама қазақ баласы зар болып, зарығып жүр жат жұртта. Ал өзіңнің Арысым деген азаматың – Мұхтар Мағауин айдын күннің аманында сол киелі топыраққа сүйегін де қимайды? Қазақта мықты көп қой, соның бәрі шет елге сүйегін сүйрей бермейтін шығар?

Жау-жарда да жауынгердің сүйегін жат жерде қалдырмайды ғой?! Топырағы торқа болсын!

Б.Бақытбек

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар