//

Қаңтар оқиғасы бойынша сот үкімі: “Дикий Арман” 20 жылға, ҰҚК-ның бұрынғы қызметкері 15 жылға сотталды

1241 рет қаралды
Фото ашы0 дерекк-зден алынды

27 қаңтарда Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде “адам ұрлау”, “билігін асыра пайдалану”, “жаппай тәртіпсіздікке қатысу” қылмысты әрекеттерге қатысы бар деген айып тағылған 44 адамға сот үкімі шықты.

Прокурор Жұмагелдиевке 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл, ал ҰҚК 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовқа 15 жыл 6 ай түрме жазасын сұраған. Үшеуі де кінәлі деп танылды.

Арман Жұмагелдиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды;
Қайрат Құдайберген — 8 жылға сотталып, бүкіл мемлекеттік наградаларынан айырылды;
Руслан Ысқақов — 15 жылға сотталды

Сот бұл үшеуінен өзге, осы іс бойынша айып тағылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, оларға 1 жыл 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасын кесті.

Сот процесі Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан N72 тергеу изоляторында өтті. Мекеме аумағында күш құрылымдары күзеті күшейтілді.

Арман Жұмагелдиевке «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айып тағылған. Тергеу болжамы бойынша, ол қару-жарақ пен кездейсоқ өтіп бара жатқан 20-дан астам адамды ұрлап, адамдарды заңсыз ұстап, олардың бостандығын шектеген.

Қайрат Құдайбергенге жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және Жұмагелдиевке белсене көмек көрсету айыптары тағылған. Сот материалдарына сәйкес, экс-депутат наразылық танытушыларды топтарға бөліп, белбеу таратып, адамдарды ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне қатысуға шақырған.

Осы іс бойынша тағы бір айыпталушы, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов бар. Ол Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қолдау көрсеткен деп айыпталды. Тергеу материалдары бойынша, Ысқақов «Дикий Арманға» Алматыдағы алаңда адам жинауды тапсырған.

Айта кетейік, осы іс бойынша негізгі сот тыңдаулары 2023 жылдың қазан айында басталды. Қаңтар оқиғасы бойынша сот процесі жабық режимде өтті. Себебі алғашқы тыңдауларда Руслан Ысқақовтың мәлімдемесіне байланысты жағдай күрделенді.

Ол өз сөзінде ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің осы оқиғаға қатысы бар екенін айтты. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Әбіш 2024 жылдың наурыз айында үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот бұл үшеуінен өзге, осы іс бойынша айып тағылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, оларға 1 жыл 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасын кесті.

Сот процесі Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан N72 тергеу изоляторында өтті. Мекеме аумағында күш құрылымдары күзеті күшейтілді.

Сот үкімін БАҚ өкілдеріне тікелей трансляция ұйымдастырылған Алматының мамандандырылған әкімшілік сотынан бақылады.

Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты, блогер Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің жанында болған, “Қазақстан” қонақүйіне адамдарды жинап, “жаппай тәртіпсіздікке қатысқан”.

Қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген видеоларда Құдайберген мен Жұмагелдиевтің бірге жүргені байқалады.

Сотта Қайрат Құдайберген “Арманмен таныстығы жоғын, тәртіпсіздік кезінде алаңда көргенін, ол жаққа халықты басу үшін барғанын” айтқан. Экс-депутаттың туыстары ақпарат құралдарына мәлімдеме жасап, Құдайбергенге тағылған айыптарға келіспейтінін айтқан.

“Дикий Арман” деген лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы 7 қаңтардан бері қамауды отыр. Тергеушілер оған “тәртіпсіздік ұйымдастырды”, дүрбелең кезінде “кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды ұрлады”, “заңсыз қару сақтады”, “ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды” деген айыптар таққан. Адвокатының сөзінше, Арман Жұмагелдиев бұл айыптарды мойнына алмаған.

2023 жылы маусымда Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезіндегі “азаптау” бойынша істе жәбірленуші деп танылды.

Ресми дерек бойынша, 2022 жылы Қаңтар оқиғасы салдарынан кемінде 238 адам қаза болған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар