///

Қазақ спортшыларына арналған комикс

67 рет қаралды

Фото: кітап авторларынан

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов және ақын, жазушы, журналист Азамат Әбілқайырдың “Қазақ чемпиондары” атты балаларға арналған комикс кітаптарының тұсаукесері өтті. Қазақ чемпиондары туралы балаларға арналған кітап шағару туралы ой кітап авторларына Париж-2024 Олимпиадасынан соң келген.

– Франция астанасында жүрген кезде күнде сағат сайын тікелей эфирге шығып жаңалықтармен бөлісіп отырдым. Фильмдер түсірдік. Елге келген соң спорт саласындағы проблемаларды көрдік. Балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту мақсатында арнайы жоба әзірлеуді қолға алдық. Соңғы кезде комикс жанры көпті қызықтыратыны анық. Сол себепті осы жобаны қолға алдық. Қазан айында білек сыбана кіріскен еңбегімізді осы күні аяқтап отырмыз, – деді Аслан Қаженов.

Бес кітаптан тұратын комикс жанрындағы еңбекте Олимпиада ойындарының чемпионы жүлдегерлеріне арналған. Жаңа кітаптан дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Назым Қызайбай мен Айбек Оралбай, палуан Демеу Жадыраев, гимнаст Нариман Құрбанов, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті Геннадий Головкин туралы ақпарат алуға болады. Оқулықта жоғарыда аты аталған спортшылардың балалық шағы, алғашқы додаларынан үлкен сайыстарға дейінгі кәсіби мансабы балаға түсінікті тілде берілген. Комикс кітап шынайы оқиғаларға негізділген.

– Мақсатымыз, комикс арқылы қазақ баласына ел намысын қорғап жүрген спортшылардың нағыз батыр екенін және сол батырлардың арамызда екенін көрсету. Әр үлкен арманның артында қажырлы еңбек тұрғанын түсіндіру. Бұл комикстер балалар әдебиетінде өзінің орнын табарына сенім артамыз, – деді кітап авторлары.

Қазақ комиксінің тақырып аясын кеңейте түскен кітап таныстырылымына спорт қорының жетекшілері, спортшылар, әлем және олимпиада чемпиондары, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, журналистер мен медиа басшылары, қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Кітап авторларының бірі спорт журналисі Аслан Қаженовтің аталған комикстер топтамасы спорт мектептеріне, кітапханаларға тегін таратылатынын айтты. Сондай-ақ спортшыларға арналған топтаманың электронды нұсқалары да бар. Авторлар мұндай бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетте.

– Бұл кітап шығарудағы негізгі мақсатымыз ел намысын қорғаған спортшыларды қолдау. Біздің комиксті оқып, чемпиондарымыздың өмірінен өзіне үлгі еткен балалар спортзалға келіп жатса, сол аға буын спортшыларының жолын жалғап чемпион болып жатса негізгі миссиямыздың орындалғаны, – деді Аслан Қаженов.

Түгелбай Бисен,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

2025 жылы МӘМС төлемдері өзгере ме?

Фото: www.istockphoto.com “Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Бұл туралы

Тұрсын ЖҰРТБАЙ: «Мен» өлмейді!

Иә, ол сайын Сарыарқаның бауыздар алқымындағы саржағал жонның қолтығын ықтаған «қияндағы қыстауда» туып, күннің өзі аударылып