//

Қысқы универсиада: Үздік ондықтамыз

100 рет қаралды

Фото: olympic.kz

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы студенттер ойынының бесінші күні Қазақстан спортшылары ел қоржынына екі медаль салды.

Алдымен биатлоншы Никита Акимов алтын медаль иегері атанды. 10 шақырым қашықтыққа жарысқан екі ату аймағында мергендік танытқан мерген шаңғышы Никита жарыс соңына дейін көшбасшылықты ешкімге бермеді. Ізін ала жарыс жолына шыққан биатлоншы қызымыз Арина Крюкова да намысты қолдан бермеді. Ол 7,5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Жатып ату сынында дәлдік танытқан Арина тұрып ату кезінде екі мәрте мүлт кетті. Жарысты 23 минут 17 секундта бағындырған қазақстандық қыз Универсиаданың қола жүлдегері атанды. Бұл күні мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров та медаль үшін таласты. Өкінішке қарай ол төртінші нәтиже тіркеді.

Бұған дейін ел спортшылары арасында Анастасия Городко Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Ол фристайл-могул және параллель могул жарыстарда «алтын» жеңіп алды. Сондай-ақ 10 шақырымға еркін жүріспен жарысқан Денис Зинов пен параллель могулда сынға түскен Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев күміс, шаңғы жарысында 10 шақырымға шапқан Роман Курбанов қола медаль жеңіп алған еді.

Күні кеше мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина ел қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырды.

Осылайша, алты жарыс күнінде 3 алтын, 4 күміс, 4 қола еншілеген Қазақстан құрамасы жалпы есепте үздік ондықта.

Айта кетейік универсиада қаңтардың 23-де аяқталады.

Түгелбай Бисен,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

2025 жылы МӘМС төлемдері өзгере ме?

Фото: www.istockphoto.com “Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Бұл туралы

Тұрсын ЖҰРТБАЙ: «Мен» өлмейді!

Иә, ол сайын Сарыарқаның бауыздар алқымындағы саржағал жонның қолтығын ықтаған «қияндағы қыстауда» туып, күннің өзі аударылып