///

Ақ Азиадада ел намысын кімдер қорғайды?

159 рет қаралды

Фото: www.gov.kz

Ақпанның жетісі мен он төрті аралығында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Бұл қала Азиаданы екінші мәрте қабылдайды. Бұған дейін ол қалада Азия ойындары 1996 жылы өткен. Осы күні Азия ойындарының символикалары бекітілді. Сары құрлықтың қар үстіндегі олимпиадасының бойтұмары болып, Бинбин мен Нини атты сібір жолбарыстары танылды.

Азиаданың салтанатты бөлігі мен жарыстар жеті спорт нысанында өтеді. Олардың бастысы Харбин хоккей аренасы. Одан бөлек жарыстар халықаралық Харбин конгресс-көрме және спорт орталығы, Харбиндегі Пинфан ауданының хоккей аренасы, Харбин спорттық университетінің мұзайдыны, Хэйлунцзян жаттығу орталығының мұздағы жарыстарға арналған көпфункционалды залы, Хэйлунцзян оқу орталығының мұздағы жарыстарға арналған залы, Ябули тау-шаңғы курорты сияқты орындарда өтеді. Жалпы Азия ойындарында спорттың 6 түрі мен 11 дисциплина бойынша 64 спорттық жарыс өткізу жоспарланған. Атап айтар болсақ, спортшылар коньки түрлері (шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау), шайбалы хоккей, керлинг, шаңғы жарысы түрлері (тау шаңғысы, сноубординг, фристайл, шаңғымен жарысу), биатлон және шаңғы альпинизмінен сынға түседі.

Ақ Азиадаға Сауд Арабиясы мен Камбоджа елдерінің спортшылары да келмекші. Атап өтейік бұған дейін аталған ел спортшылары қысқы Азия ойындарында бір де бір мәрте өнер көрсетіп көрмеді.

Харбинге 34 ұлттық олимпиада комитетінен 1275 спортшы келеді. Бұл рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін Жапонияның Саппоро қаласында өткен ойынға Азияның 30, Тынық мұхиты аймағынан Австралия мен Жаңа Зеландияда тіркелген 32 ұлттық олимпиада комитеті атынан 1147 спортшы қатысқан еді. Биыл ол көрсеткіш 128 спортшыға артты. Қатысушылардың 755-і еркек кіндікті болса, 520-сы әйел. Мұз үстіндегі жарысқа 847 спортшы қатысса, 428 спортшы қарда кім мықты екенін анықтайды.

Фото: www.gov.kz

Біздің ел намысын 137 спортшы қорғайтын болады. Олар биатлон, тау шаңғы спорты, ски-альпинизм, керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл-акробатика, мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорт-трек сияқты спорт түрлерінде медаль таласына түседі. Азия ойындарының салтанатты ашылуында еліміздің көк туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады.

Назарларыңызға Харбинде ел намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімін ұсынамыз.

Биатлон: Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Александр Мухин, Дарья Климина, Арина Крюкова, Ольга Полторанина, Елизавета Белецкая, Полина Егорова.

Тау шаңғы спорты: Захар Кучин, Ростислав Хохлов, Алексей Кулаков, Данил Сысоев, Александра Троицкая, Ксения Бережная, Мария Шкабарова, Александра Скороходова.

Ски-альпинизм: Тимур Артюхин, Шыңғыс Байқашев, Денис Власов, Нияз Жанзақов, Әсем Назырова.

Керлинг: Ангелина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір, Регина Эбауэр, Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсаинов, Арман Ержанов, Азизбек Надирбаева, Амина Какимжанова.

Конькимен жүгіру спорты: Надежда Морозова, Кристина Шумекова, Инесса Шумекова, Кристина Силаева, Алина Шумекова, Арина Ильященко, Маргарита Галиева, Дарья Важенина, Мария Деген, Елизавета Голубева, Виталий Щиголев, Нұралы Ақжол, Бақдәулет Сағатов, Артур Галиев, Роман Биназаров, Евгений Кошкин, Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Демьян Гаврилов.

Шаңғы жарысы: Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Мария Люфт, Ильяс Исабек, Наиль Башмаков, Ернар Нұрсбеков, Олжас Климин, Владислав Ковалев, Константин Борцов.

Фристайл-акробатика: Ардана Маханова, Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Дінмұхаммед Райымқұлов, Уланбакир Умурзаков, Асылхан Асан.

Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, София Фарафонова, Софья Самоделкина, Байсанғұр Датиев, Гаухар Наурызова.

Шайбалы хоккей:

Ерлер: Андрей Шутов («Барыс», Астана), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», БХЛ), Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», БХЛ), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент), Темирлан Гайтамиров, Данил Бутенко, Әділ Бекетаев, Самат Данияр (барлығы – «Барыс», Астана), Дмитрий Бреус («Торпедо», ҚХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Артем Королев, Роман Старченко, Кирилл Савицкий, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Руслан Оспанов (барлығы – «Барыс», Астана), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де – «Хумо», Ташкент), Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Евгений Рымарев («Юнисон», БХЛ).

Әйелдер: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана), Полина Яковлева, Катрин Мескини («Торпедо», Өскемен), Юлия Буторина, Дария Молдабай, Александра Воронова («Томирис», Астана), Аида Олжабаева, Анна Пяткова («Айсұлу», Алматы), София Зубкова, Дилназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова («Торпедо», Өскемен), Мадина Тұрсынова, Татьяна Королева, Пернеш Ашимова, Лариса Свиридова, Малика Алдабергенова, Алина Иванченко («Айсұлу», Алматы), Александра Шегай, Анастасия Оразбаева, Екатерина Куценко, Надежда Филимонова («Томирис», Астана).

Шорт-трек: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Айбек Насен, Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова, Зейнеп Құмарқан.

Қазақстандық құрама қысқы Азиадаға осымен жетінші рет қатысқалы отыр. Ел құрамасы алғаш қатысқан 1996 жылғы Қытайдың Харбиніндегі ойында біздің спортшылар командалық есепте екінші орынға ие болды. 1999 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында үшінші болдық. 2003 жылы жапондық Аомори, 2007 жылы Қытай Чанчунында және 2017 жылы жапонияның Саппором қаласындағы қысқы Азиадада біздің команда төртінші орынға ие болды. Ал үздік көрсеткіш 2011 жылы Қазақстанда өткен 7 Қысқы Азия ойындарында тіркелді. Алматыда өткен жарыста қазақ елінің спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші болды. Осы кезге дейін қатысқан алты қысқы Азиадада қазақстандық спортшылар 196 медаль жеңіп алды. Оның 78-i алтын, 62-i күміс және 56-сы қола.

Негізгі үміт кімдерде?

Әдеттегідей биатлоншылар мен шаңғышылардың жолына үлкен үмітпен қараймыз. Шорт-трекшілер де соңғы кездері жеңістерімен қуантып жүр. Алина Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша кореялық спортшыларға мықты қарсылық көрсете алса, медальға таласуға мүмкіндік артады. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров та қолдан келгенше жүлде үшін таласады. Софья Самоделкина да кез-келген жарыста жүлдегер болуға тырысатын спортшы. Конькимен жүгіретін Надежда Морозованың әлем кубогі кезеңдеріндегі көрсеткіштері оның жолына үмітпен қарауға болатынын көрсетеді. Хокейшілер де фавориттер қатарында. Фристайл акробатика шеберлері де бабында болса, біразға баратынын дәлелдеді. Сол себепті, ақпанның жетісінен он төртіне дейін біздің спортшыларға жанкүйерлік етейік.

Түгелбай Бисен,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар