/

ІХ қысқы Азия ойындары: Ұлттық құрама қоржынында 9 медаль бар

86 рет қаралды

Қытайдың Харбин қаласындағы ІХ қысқы Азия ойындары қыза түсті. Дәл қазір Ұлттық құрама қоржынында 9 медаль бар. Оның біреуі алтын, бесеуі күміс, үшеуі қола.


Жарыстың үшінші күні фристайл-акробатика құрамасы аралас эстафетада күміс еншіледі.

Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев үштігі 235,39 балл жинады.

Сонымен қатар шаңғышы Олжас Климин 10 шақырымға еркін әдіспен жүріп қола еншіледі. Әдеттегідей хокейшілер өз биігінде ерлер құрамасы да әйелдер құрамасы да өз тобынан жеңіліссіз шықты.


Бұл азиаданың тағы бір ерекшелігі Қытай атынан сынға түсіп жатқан ұлты қазақ спортшылар жүлде алып жатыр. Алдымен Серік Самғар шаңғы жарысында шығыс көрші еліне қола сыйласа, алтайлық шаңғышы қыз Баян Жалынқызы да туған елі қоржынына алтын медаль салды.

Түгелбай Бисен,

minber.kz

Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Әзірге үздік төрттіктеміз

Фото: olympic.kz Қытайдың Харбин қаласындағы ІХ қысқы Азия ойындарының екінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын медаль