Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды

76 рет қаралды

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетті. Осылайша ол Денис Теннің он жыл бұрынғы жетістігін қайталады. Михаил қос бағдарлама қорытындысында 285.10 ұпай жинап, Оңтүстік Корея өкілі биылғы қысқы Азия ойындарының жеңімпазы Ча Джун Хван мен АҚШ спортшысы Джимми Маны қапы қалдырды.

Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауындағы тарихи оқиға. Өйткені осыдан 10 жыл бұрын дәл осы Сеулде Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында топ жарған еді. Енді Михаил оның жетістігін қайталап, еліміздің мәнерлеп сырғанаудағы даңқты дәстүрдің жалғасып жатқанын көрсетті.

20 жастағы Михаил бұл жарыста үш аксель + төрт сальхов
секірісін орындады.

Бұндай аса ауыр да күрделі элементті қазіргі таңда Михаилден басқа спортшы бағдарламасында жоқ.

Айта кетейік, Шайдоров жақында Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алып, оның алдында бүкіләлемдік универсиадада төрінші орын иеденді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Богдан Шкларски: Біздің Трамптың орнынан кеткенін күтуден басқа амалымыз жоқ. Бірақ ол кеткенше біраз дүниені бүлдіретін түрі бар

 Варшава университетінің Ассоциативті профессоры, Америка зерттеулері орталығының жетекшісі қызметін атқарған (2012-2016), саясаттанушы Богдан Шкларски (Bohdan Szklarski)