/

Несиені мерзімінен бұрын өтеcеңіз айыппұл төлейтініңіз рас па?

247 рет қаралды
Фото: www.istockphoto.com

Несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде бірнеше маңызды факторды ескермесеңіз, айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Бұл туралы ҚР-ның Қаржы нарғын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Фото: www.istockphoto.com

Несиені мерзімінен бұрын төлемес бұрын, банкпен жасалған келісімшартты нақтылаған жөн.

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұлсыз жүргізіледі. Дегенмен кейбір шектеулер бар:

Егер несие бір жылдан аз уақытқа алынып, бірақ алғашқы алты айда толық өтелсе;
Несиені бір жылдан ұзақ мерзімге рәсімдеп,бірақ алғашқы он екі айда толық төлесеңіз айыппұл арқалауыңыз ықтимал

Мұндай жағдайға тап болмас үшін не істеу керек?

Несиені толық өтемес бұрын, банкке хабарласып, қарыздың нақты сомасын біліңіз. Егер мерзімі өткен төлемдер немесе айыппұлдар болса, банк алдымен соларды жабады. Мұндай күтпеген шығындарға тап болмас үшін барлық қаржылық міндеттемені нақтылау маңызды.

Төлеу әдісін дұрыс таңдаңыз. Несие сомасын уақытынан бұрын өтегенде екі нұсқа қарастырылады:

1. Толық өтеу – бұл барлық қарыз сомасын және оған есептелген пайыздарды толығымен жабу.

2. Ішінара өтеу несие мерзімін қысқартып, ай сайынғы төлемді төмендетеді. Негізгі берешек мөлшерін азайту арқылы артық шығынды азайтады.

Әр қаржы мекемесі мерзімінен бұрын өтеу ережелерін өз бетінше белгілейді. Кейбір банктер бұл процедураны мобильді қосымша арқылы орындауға мүмкіндік береді. Ал басқалары банк бөлімшесіне келіп, өтініш жазуды талап етеді. Қаражатты несие шотына аударғанда, оның автоматты түрде негізгі қарызды жабатынына көз жеткізу қажет. Әйтпесе, ақша жай ғана жоспарлы төлем ретінде қабылдануы мүмкін.

Қарыздың толық жабылғанын құжатпен растаңыз

Несие толығымен өтелгеннен кейін, банктен бұл туралы ресми анықтама алу керек. Бұл құжат банк жүйесінде туындауы мүмкін кез келген мәселенің алдын алуға көмектеседі.

Несие тарихын тексеріңіз

Қарыз жабылған соң, кредиттік бюро арқылы несие тарихындағы ақпараттың дұрыс екеніне көзжеткізіңіз. Егер қандай да бір қателіктер анықталса, банкке немесе қаржы ұйымына жүгініп, оларды түзетуге болады. Fingramota.kz сайтында «Несие тарихын өзгерту» бөлімі арқылы қате деректердітегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

(Бұл қызмет тек соңғы он жұмыс күні ішінде жасалған есептерге қатысты.) Өтінім жіберу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен байланыс деректерін көрсету қажет.

Жадыра Әділбекқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Богдан Шкларски: Біздің Трамптың орнынан кеткенін күтуден басқа амалымыз жоқ. Бірақ ол кеткенше біраз дүниені бүлдіретін түрі бар

 Варшава университетінің Ассоциативті профессоры, Америка зерттеулері орталығының жетекшісі қызметін атқарған (2012-2016), саясаттанушы Богдан Шкларски (Bohdan Szklarski)