Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін қажетті медициналық кітапшаны енді онлайн алуға болады. ҚР Денсаулық сақтау министірлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық кітапшаның электронды нұсқасын енгізді. Азаматтар оны HR Enbek порталы арқылы пайдалана алады.
Электрондық кітапша 15 түрлі сала қызметкерлері үшін қолжетімді. Олардың қатарына:
- Қоғамдық тамақтану мекемелерінің жұмысшылары,
- Дәріхана қызметкерлері,
- Санаторий мен емдеу орындарының мамандары,
- Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер және медицина қызметкерлері кіреді. Бұл санаттағы адамдар жылына бір немесе алты айда бір рет медициналық тексеруден өтіп отыруы керек.
Жүйені қалай пайдалануға болады? Еңбек министрлігі жазды
Жеке медициналық кітапшаға HR Enbek платформасындағы «Қызметкердің жеке ісі» бөлімінен кіруге болады. Азаматтар «Жеке медициналық кітапшалар» тарауына кіріп, құжатқа өтініш бере алады. Медициналық кітапша дайын болған кезде өтініш иесіне 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберіледі. Құжатқа жұмыс берушілер де қызметкердің рұқсатымен қол жеткізе алады. Электрондық құжатқа рұқсат беру SMS-хабарлама немесе ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүзеге асырылады. Бұл үдеріс Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі әзірлеген жүйемен бақыланады.
Жұмыс берушілерге қандай мүмкіндік бар?
Кадрлық ақпараттық жүйелері бар мекемелер Smart Bridge платформасы арқылы «Қызметкердің жеке ісі» сервисіне тегін қосыла алады. Бұл қызмет жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды жинау үдерісін жеңілдетеді.
Дайындаған: Жадыра Әділбекқызы
Парақшамызға жазылыңыз