Кеше, 3 ақпан күні Алматы қаласындағы “Достық” үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлы жазушымыз Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына арналған “Мұхтар Мағауин – Ұлы жазушы, ғұлама тарихшы” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


