//

Қазақстандық миллиардер мемлекетке 1 миллиард доллар төлеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

241 рет қаралды

Bloomberg агенттігінің жазуынша , Қазақстандағы ең бай адамның бірі – Тимур Құлыбаев елдің тұңғыш президенті кезінде жинақталған байлыққа қатысты үкітметік тергеу аясында мемлекетке шамамен 1 миллиард долларов төлеу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Фото: olympic.kz

Келіссөздер барысымен таныс екі адамның айтуынша, егер келісімге қол қойылса, бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев төлем мен инвестициялардың жиынтығын аударады.

Дереккөздер жазылған мәтінге сүйенсек, оның «төлем» төлегені, кінәні мойындап отырғандығын білдірмейді.

Құлыбаевтың өкілі бұл мәселе мемлекеттік істерге қатысты деп, тікелей пікір білдіруден бас тартқан, бірақ «кез келген төлемді активтерді қайтару деп атаған дұрыс емес» деп айтқан. Миллиардердің өкілі «осы жылдар ішінде Құлыбаев елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосты және «осы бахытта үкіметпен өзара әрекет етуді жалғастырып отыр» деп жауап берген.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Әзірге үздік төрттіктеміз

Фото: olympic.kz Қытайдың Харбин қаласындағы ІХ қысқы Азия ойындарының екінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын медаль