Қазақстандықтардың ең көп қай елге көшкені белгілі болды

91 рет қаралды

Қазақстандағы бірінші кредиттік бюро Қазақстаннан көшіп кеткендер мен ел қоныстанғандардың статистикасын жариялады.

Фото: t.me/DataHub_FCBK/

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикаға сәйкес, Қазақстаннан тұрақты тұруға кеткендердің саны ең төмен деңгейге дейін төмендеген.

Ал елге тұрақты тұруға келгендердің саны өскенімен, елге келушілер саны мен шекарадан асушылар саны арасындағы айырмашылық оң бағытта қалып отыр.

Шекара асқандар азайды ма, әлде көбейді ме?

2024 жылы Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер саны шамамен 12,8 мың адам.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20%-ға аз. Мұндай төмен деңгей 1991 жылдан бері тіркелген ең төмен мәнге сәйкес келеді.

Тенденция елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен миграциялық саясаттағы өзгерістерді көрсетіп тұр.

Қазақстанға тұрақты тұруға қанша адам келді?

Сол кезең ішінде Қазақстанға тұрақты тұруға келгендер саны 29,9 мың адамнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп болған.

Мұндай сан соңғы рет 2011 жылы тіркелген.

Тұрақты тұруға келгендер мен кеткендердің арасындағы айырмашылық – қатарынан екінші жыл оң нәтиже берді. Бұл жолы миграциялық сальдо шамамен 17,2 мың адам. Бұл 2006 жылдан бергі ең жақсы нәтиже. Айта кететін жайт, 2012 жылдан 2022 жылдарға дейінгі кезеңде Қазақстаннан кеткендер саны келгендер санынан көп болған.

Миграцияның бағыттары қандай?

Қазақстаннан кеткендердің негізгі бағыттары:

Ресей: әр 10 адамның 7-уі Ресейге көшкен.

Германия: көшіп кеткендердің 16%-ы Германияға белсенді түрде қоныс аударған.

Қазақстанға қай елден көбірек келген?

Өзбекстан: Елге тұрақты тұруға келушілердің 10-нан 4-уі Өзбекстаннан келген.

Ресей: Иммигранттардың 27%-ы Ресейден келіп отыр.

Қытай және Моңғолия: 7% Қытайдан және 5%-ы Моңғолиядан келген.

Дайындаған: Мейрамгүл Сарсенғалиқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар