/

Қазақтың қайталанбас жазушысы дүниеден өтті

138 рет қаралды

Фото: www.facebook.com

Кеше түнде жазушы, драматург Дулат Исабеков өмірден озды. Ол желтоқсан айында ғана 82 жасқа толған еді. 

– Қайран, Дулат ағам – ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе?
Осы қазір ғана, он – он бес минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге, басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын…
Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті.
Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын, – деп жазба қалдырған жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының орынбасары Қасымхан Бегманов facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, қазақ сахнасы тарихында өзіндік орны бар 26-ға жуық пьесаның авторы.

Оның «Әпке», «Ертеңдi күту», «Мұрагерлер», «Кiшкентай ауыл», «Ескi үйдегi екi кездесу», «Тор», «Актриса», «Аққу-Жiбек», «Әншi құстар фестивалi», «Мұңлық- Зарлық» атты пьесалары республика сахналарынан ұзақ жылдар бойы түспей келе жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Богдан Шкларски: Біздің Трамптың орнынан кеткенін күтуден басқа амалымыз жоқ. Бірақ ол кеткенше біраз дүниені бүлдіретін түрі бар

 Варшава университетінің Ассоциативті профессоры, Америка зерттеулері орталығының жетекшісі қызметін атқарған (2012-2016), саясаттанушы Богдан Шкларски (Bohdan Szklarski)