/

ҚР суперкубогін кім жеңіп алды?

56 рет қаралды

Фото: instagram.com

Елдегі футбол маусымы ресми түрде ашылды.

Өткен жылы Қазақстан чемпионы атанған алматылық «Қайрат» пен былтыр ел кубогін жеңіп алған «Ақтөбе» ҚР суперкубогін сарапқа салды.

Жаңартылған «Астана-Арена» стадионында өткен маусымашар матчты тамашалауға 25 мыңға жуық жанкүйер келді.

Қызықты ойынның бірінші таймында қос команда гол соға алмады.

Екінші таймда бұрынырақта «Ақтөбе» сапында доп тепкен Элдер Сантана есеп ашып, алматылықтарды алға шығарды. Одан соң Ұлттық құрама ойыншысы Еркін Тапалов қызыл қағаз алып, «Қайрат» бір ойыншыға кем ойнады. Бірақ ақтөбелік футболшылар есепті теңестіре алмады.

Матч соңында қарымта шабуылға шыққан «Қайрат» есепті екі де нөл етті.

Гол авторы Валерий Громыко. Осылайша «Қайрат» үшінші мәрте суперкубок иегер атанды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Богдан Шкларски: Біздің Трамптың орнынан кеткенін күтуден басқа амалымыз жоқ. Бірақ ол кеткенше біраз дүниені бүлдіретін түрі бар

 Варшава университетінің Ассоциативті профессоры, Америка зерттеулері орталығының жетекшісі қызметін атқарған (2012-2016), саясаттанушы Богдан Шкларски (Bohdan Szklarski)