Қысқы Азия ойыны: қоржынға бір күнде екі алтын түсті

63 рет қаралды

Қазақ жанкүйері осы күні Харбиннен хабар күтіп алаңдап отыр. Елдегі ағайынды елеңдетпейін деді ме? Әйтеуір таң атысымен біздің спортшылар қысқы Азия ойынынан хабар күткен жанкүйерді жұмысына көңілді аттандырды.

Ақпанның 11-де күн қызып үлгергенше фристайл-акробатика шеберлері азиада алтынын еншіледі. Елді елең еткізген жаңалықты Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов жеткізді.

Командалық сында өнер көрсеткен Шерзод пен Роман олимпиада чемпиондарын қапы қалдырды. Ел тарихында болмаған жеңіске жеткен жігіттерді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Генадий Головкин жеке құттықтады.
Акробаттар сынында Ардана Маханова мен Аяна Жолдас командалық сында қола еншіледі.


Қанатты шаңғышылардан соң жарыс жолына мерген шаңғышылар шықты. Биатлоншылар жарысында екі бірдей спортшымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Владислав Киреев азиада чемпионы атанса, Вадим Куралес күміс медальға қол жеткізді.


Хокейшілер де плей-офф кезеңін бастады. Бұған дейін қарсыластарының барлығын қоғадай жапырған қазақстандық хокейшілер ¼ финалда Гонк-конг құрамасымен кездесті. Қарсыласқа хокейдің қандай болатынын көрсеткен біздің жігіттер қарсылас қақпасына 24 гол соқты. Енді жігіттер жартылай финалда Қытай құрамасымен кездеседі.
Қазіргі таңда шорт-трек, тау шаңғысы, коньки киіп жүгіру және фристайл-акробатика сындары аяқталды.

Ел қоржынына тек тау шаңғысында сынға түскен спортшылар ғана жүлде салмады. Құрама қоржынында 3 алтын, 6 күміс 4 қола бар.

Түгелбай Бисен,

фото авторы: Нұрғали Жұмағазы 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Әзірге үздік төрттіктеміз

Фото: olympic.kz Қытайдың Харбин қаласындағы ІХ қысқы Азия ойындарының екінші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын медаль