Фото: runasport.com
АҚШ-тың Бостон қаласындағы «TD Garden» аренасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Бірер сағат бұрын ерлер арасындағы жекелей жарыс аясында қысқа бағдарлама аяқталды. Әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары сынында ел намысын Михаил Шайдоров қорғап жатыр.
Қысқа бағдарлама қорытындысында жоғары дайындық деңгейін көрсеткен Михаил 94.77 баллмен үшінші орынға тұрақтады.
Бұл Қазақстан спорт тарихында қысқа бағдарламада әлем чемпионатындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін 2013 жылы Денис Тен дәл осындай қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған еді.
Әзірге қысқа бардарламадан соң АҚШ спортшысы Илья Малинин көш бастап тұр, екінші орында жапондық Юма Кагияма.
30 наурыз еркін бағдарлама бәсекесі өтеді. Михаил Шайдоров осы қарқынын жоғалтпаса, жүлдеге ілігуі мүмкін.
Сонымен қатар аталған сайыста өнер көрсеткен Софья Самоделкина 13-ші нәтиже көрсетті. Ол да финалдық сайысқа жолдама иеленді.
20 жастағы Шайдоров төртінші әлем біріншілігіне қатысып отыр. Әзірге алматылықтың үздік нәтижесі – 14-ші орын. Бірақ 2022 жылы жасөспірімдер арасында күміс еншіледі. Биылғы маусымда Михаил Төрт құрлық турнирі мен Азиада-2025 қоласын жеңіп алды.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз