Фото: olympic.kz
130 келіден асатын аса ауыр салмақта боз кілемге шықан Әлімхан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятиден 0:7 есебімен жеңіліп қалды.
Одан бөлек жарыстың бірінші күнінде ел палуандары екі қола еншіледі. Оның алғашқысын 87 келіде белдескен Шамиль Бажаев қанжығалады. Қола медаль үшін белдесуінде Шамиль Оңтүстік Корея палуаны Сан Хек Пакты 5-1 есебімен жеңсе, екінші қола иегері 77 келі тартатын палуандар сынында белдескен Ибрагим Магомедов иеленді. Ол шешуші белдесуінде Иордания палуаны Амро Садені алып ұрды.
Одан бөлек 63 келідегі Сұлтан Әсетұлы мен 55 келі тартатын Ербол Қамалиев бесінші орыннан көрінді.
Белдесуден соң “Qazsport” арнасына сұхбат берген Шамиль Ожаев Амманға тек алтын медаль үшін келгенін, өзінің белдесуіне көңілі толмағанын айтты.
– Шынымды айтсам қола түгілі күміске де көңілім толмас еді. Өкінішке орай қола иемдендім. Дайындық ойдағыдай болды. Бірақ белдесуім көңілімнен шықпады. Барына қанағат етуге тура келіп тұр,-деді Шамиль Ожаев.
Ибрагим Магомадов та белдесуінен соң спорт арнасына берген сұхбатында аздаған қателік салдарынан алтынсыз қалғанын мойындады.
– Бабым келісіп тұр еді. Алтын үшін келдім. Бірақ дегеніміз бола бермейді. Бұған да разымын. Ертең белдесетін палуандар мен палуан қыздарға және еркін күрес шебелеріне сәттілік тілеймін,-деді Ибрагим Магомадов.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз