//

Алматыда төртінші «Almaty Copa Run» этафетасы өтті

238 рет қаралды

Орталық стадионда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен төртінші Almaty Copa Run – қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған жыл сайынғы марафон өтті.

Биыл эстафетаға қатысушылар 100, 1000 және 3000 метр қашықтықта жарысты. Жарысқа 18 жастан асқан 700 жүгіруші қатысты. Сөре-мәре қалашығы таңғы 7-де ашылып, жарыс кешке дейін жалғасты.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының операциялық директоры Ержан Бірімжановтың айтуынша эстафетаның басты мақсаты – салауатты ұлт қалыптастыру.

– Қорымыздың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Біздің стратегиямыздың маңызды бөлігі – қатысушылардың саналы көзқарасын қалыптастыру. Салауатты ұлт тәрбиелеуге үлес қосу. Дәл осы мақсаттар бізді осындай шараларды ұйымдастыруға жетелейді, – дейді ол.

Сондай‑ақ «Almaty Copa Run» этафетасына қатысушылардың арасында параспортшылар да бар

– 2023 жылы Германиядан аяғыма жүгіруге арналған протез жасаттым. Сол уақыттан бері жүгірумен айналысамын. Жүгіру мен үшін мереке. Керемет атмасфера, мұндай жерде ерекше шабыттанып, мотивация аламын. Алматы марафонының әрбір жарысы жоғары деңгейде өтеді. Бұл салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған керемет мүмкіндік. Сол себепті бәріңізді алдағы уақытта өтетін марафондарға қатысуға шақырамын. Мен бір аяқпен жүгіре алсам, демек сіздер де керемет жүгірсесіздер, ‑ дейді параспортшы Бақтыгүл Алимбекова.

«Almatymarathon» instagram әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сәйкес, эстафетаның жүлде қоры төмендегідей:

1-орын – 250 000 мың теңге

2-орын – 150 000 мың теңге

3-орын – 100 000 мың теңге

Сондай‑ақ жарыс нәтижесімен толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыздар

Еске сала кетейік, 20 сәуірде «ALMATY HALF MARATHON 2025» эстафетасы өтеді.

Қырмызы Мұхитбекқызы, Жайна Бердалы, Жадыра Әділбекқызы,

Жания Турсынбек, Әбілмансұр Мекентай

Фотолар: zakon.kz

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар