Фото: t.me/sport_comiteti
Грекияда көркем гимнастикадан «Афродита кубогі» аталатын жарыс 10 жылдан бері өтіп келеді.
Биыл да жалауы желбіреген байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсетті.
Эрика Жайлауова лента жаттығуында, Милана Парфилова шеңбер жаттығуында алтын медаль жеңіп алса, Айым Мейіржанова лента жаттығуында күміс жүлдеге ие болды.
Топтық жаттығуда да Қазақстан көркем гимнастшылары қарсыластарынан озық шықты.
Одан бөлек Эрика Жайлауова доппен жаттығу сынында күміс иеленді.
Айта кетейік Эрика атақты хокейші, ұлттық құрама мен «Барыс» хоккей клубының лидері болған, осы күні спортшы мансабын аяқтаған Талғат Жайлауовтың қызы.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз