ХОК президенті лауазымына алғашқы рет әйел сайланды

221 рет қаралды

Фото: images.app.goo.gl

Алғашқы рет халықаралық олимпиада комитетінің президенті лауазымына әйел адам сайланды.

Мұндай жауапты қызметке лайық деп таңдалған зимбабвелік Кристи Ковентри биыл маусымның 24-і күні Томас Бахтың орнын басады.
Кристи Ковентри — Зимбабве елінің даңқты спортшысы. Жүзу спортының майталманы. Оның еншісінде олимпиаданың екі алтыны, 4 күмісі және бір қола жүлдесі бар. Одан бөлек әлем чемпионаттарында талай жеңіске жетті. Бірнеше мәрте рекорд орнатты.
Мансабын аяқтаған соң спорттан алыстамаған Кристи әкімшілік жұмыспен айналысты.

2018 жылы Зимбабвенің мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. Ол олимпиада қозғалысын насихаттаушы.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар