Фото: olympic.kz
Жуырда үстел теннисінен Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында Кирилл Герасименко үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды.
Барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен теннисшіге ел президенті құттықтау хатын жолдады.
Хатта мемлекет басшысы Кирилл Герасименконы жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтап, ел атын басқа да байрақты бәсекелерде шығара беретініне сенім білдірді.
Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болып қолдау көрсеткендерге алғыс айтты.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі де үстел теннисімен айналысқан, әлі де ракетка ұстап тұрады.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз