/

Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

238 рет қаралды

Фото: t.me/sport_2024_kaz

АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Наурыздың 29-нан 30-на ауған таңда ерлер медаль таласына түсті.

Бұған дейінгі қысқа бағдарлама сайысын үшінші орынмен аяқтан қазақстандық Михаил Шайдоров еркін бағдардамасын жоғары деңгейде сырғанап шықты.

Қос сайыс қорытындысында 287, 47 ұпай еншілеген Миша күміс жүлдегер атанды.

Алтын АҚШ спортшысы Илья Малининге бұйырса, қоланы жапондық Юма Кагияма еншіледі.
Шайдоров Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы әлем чемпионатының үшінші медалін алды.

Бұған дейін Денис тен 2013 жылы күміс, 2015 жылы қола жеңіп алған еді.
Биылғы маусым Михаил үшін сәтті өтті деуге болады.

Жыл ішінде ол екінші ірі жеңісіне қол жеткізді.

Бұған дейін Шайдоров төрт құрлық чемпионатында топ жарды.

«Азиада-2025-те» қола иеленді.
Өзінің төртінші әлем чемпионатына қатысқан Михаил бұған дейін 2023, 2024 жылдары 14-ші орыннан көрінді.

Айта кетейік, Мишаның күмісі ел қоржынына олимпиаданың екі жолдамасын салды.

ISU яғни халықаралық конькишілер кеңесінің ережесі бойынша әлем чемпионатында 1-ші немесе 2-ші орын алған мәнерлеп сырғанаушының елі олимпиадаға екі спортшысын аттандыра алады.

Бұл дегеніміз 2026 жылы Миланда өтетін олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанау бағдарламасында екі қазақстандық өнер көрсетеді деген сөз.
Осылайша олимпиадада Софья Самоделкина, Михаил Шайдоров және тағы бір ер сырнаушы болады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар