/

Ораза қабыл болсын, ұстаған жан (Ораза кестесі)

209 рет қаралды

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Ораза және намаз уақыттарының ресми кестесін жариялады. Биыл Рамазан 1 наурызда басталып, 29 күнге созылады.

Мұсылмандар бұл айда таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтанудан, сусын ішуден және жаман істерден тыйылады. Кешкісін ауызашар ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға садақа беріледі.Қасиетті Рамазан айында мешіттерде тарауих намазы оқылып, Қадір түні ерекше атап өтіледі. Бұл түн 26-27 наурызға сәйкес келеді және ол қасиетті Құран аяттары түскен түн ретінде саналады.
Ораза 30 наурыз күні Ораза айт мерекесімен аяқталады. Айт намазы таңертең мешіттерде жамағатпен оқылады.
ҚМДБ жариялаған мәліметтерге сәйкес, әр аймақтың ауызашар және намаз уақыттары жеке белгіленген. Барлық өңірлердегі ораза кестесін мешіттерден және Діни басқарманың ресми сайтынан алуға болады. Биыл пітір мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Астана
Алматы
Шымкент
Түркістан
Тараз
Қызылорда
Семей
Өскемен
Жезқазған
Көкшетау
Талдықорған
Қостанай
Қарағанды
Павлодар
Петропавл
Орал
Ақтөбе
Ақтау
Атырау

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар